Екі айда елімізден 671 мың АҚШ доллары заңсыз шекара асырылмақ болған

Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақша қаражатын заңсыз өткізудің 40 фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ведомство сонымен қатар, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 АҚШ доллары болатын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталғанын атап өтті.

Барлық жағдай Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелді. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау қажет екенін еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді