СҚО-да бір табын жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Сәуір айында Ғ. Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының жайылымда жүрген 13 жылқысы жоғалды. Шығын шамамен 10 миллион теңге болған. Иесі біраз уақыт бойы жылқыларын өз күшімен іздеп, таба алмаған соң полицияға жүгінуге тура келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудандық полиция бөлімінде іздеумен қатар, мал ұрлығы бойынша түрлі нұсқаларды қарастырумен айналысқан 4 топ құрылды. Полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қылмысқа қатысын тексерді. Бір апта өткеннен кейін қылмыстың мән-жайы ашыла бастады. СҚО ПД баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ұрланған жылқылар «КамАЗ» көлігімен Қостанай облысына жеткізіліп, сол жақта сатылғаны анықталды.

Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ауданның 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. СҚО ПД баспасөз қызметі

Барлық жылқы иесіне қайтарылды.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі