Қызылорда облысының Спорт басқармасының бастығы пара бергені үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
27 мамыр күні Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, осы іске қатысы бар тағы бес директор сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды.

Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылғанын атап өтті.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі