Ордабасыда иесінің 200-ден астам асылтұқымды қойын сатып жіберген бақташы ұсталды

Сурет: pixabay
Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның мал бағатын бақташысы сеніп тапсырған асылтұқымды қойларының ішінен әрқайсысы 70 000 теңге тұратын 200-ден астам малын сатып жіберген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 млн теңден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, күдікті жәбірленушінің бақташысы, Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Ол 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата берген. Ол бұл қылмысқа несиелері мен қарыздарын өтеу үшін барғанын мойындады. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомство күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады