Павлодарда суға шомылуға барып, жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Сурет: pixabay
25 маусым күні танысымен бірге орталық жағажайға суға шомылуға барып, із-түзсіз жоғалып кеткен баланың үш күннен соң мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2004 жылы дүниеге келген ер бала танысымен суға шомылуға кетіп, содан оралмады, деп жазды pavlodarnews.kz.

18 жастағы жас жігіт үш күн іздестірілді.

Еріктілердің айтуынша, танысы жағалауда досын бір сағат күтіп, ол судан шыға қоймаған соң, бірге келген адамның жоғалып кеткені туралы ешкімге айтпастан, үйіне кетіп қалған.

Ал жас жігіттің заттары мен киімі жағалауда қалған. Бізге жақындары іздеуге көмек сұрап сол күні түнгі сағат 24:00-ден кете хабарласты.«Vita» іздестіру жасағының еріктілері

Еріктілер бүгін оның денесі судан шығарылғаны туралы хабарлап, жақындары мен отбасына көңіл айтты.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы