Қырғыз елінде бір жолға қойылған Қазақстан есірткі арнасының көзі жойылды

Сурет: видеодан алынды
Қазақстаннан Қырғызстанға есірткі құралдарын контрабандалық жолмен жеткізу арнасын ұйымдастырушы есірткі тобы қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Аламудун ауданы Ленин ауылында салмағы 1 келі 800 грамм гашиш өткізу кезінде 2001 жылғы Қырғызстан азаматы ұсталды.

Одан кейін жедел уәкілдер екінші күдіктінің ізіне түсті.

Ол 2000 жылғы Қазақстан азаматы болып шықты, жас жігіт Subaru көлігінің бензин құятын багына жасырын орын жабдықтап, контрабандалық жолмен Қазақстаннан Қырғызстан аумағына жоғарыда аталған есірткі құралдарын жеткізіп, өткізу мақсатында Қырғызстан азаматының қолына ұстатқан. Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 282-бабының 3-бөлігі, яғни "Өткізу мақсатында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламасын заңсыз дайындау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта осы есірткі тобының басқа мүшелерін және аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстау үшін жедел-тергеу шаралары қолға алынды.

Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді