Алматы облысында альпинист әйел Талғар өзеніне ағып кетті

Сурет: Алматы облысы ТЖД
6 шілде күні кешке Алматы облысы Талғар ауданында қайғылы оқиға болды: әйел адам Талғар өзенінің бойындағы көпірден өтіп бара жатып суға құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 1982 жылы туған турист ағаш көпірден өтіп бара жатып, тепе-теңдікті сақтай алмай, суға құлап, ағыс алып кетті.

Әлеуметтік желілерде әйел Іле ауданында тұратыны және альпинист болғаны жазылды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, іздеу жұмыстарына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері және еріктілер қатысты.

Сурет: Алматы облысы ТЖД

7 шілде күні сағат 12.15-те құлаған маңнан 10 шақырым жерде жоғалған әйелдің денесі табылып, судан шығарылды. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті