Қостанай облысында пойыз көлікті түйреп өтті – құрбан болғандар бар

Сурет: primeminister.kz
2022 жылдың 11 шілдесінде сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл-Құсмұрын учаскесі Притобольская станциясының реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, "Жигули" көлігінің жүргізушісі алдында тұрған көліктерді айналып өтіп, келе жатқан жүк пойызының алдына темір жол үстіне шыққан.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан құрбан болғандар бар. Нақты мәліметтер әлі ашып айтылмайды.

Пойыз 57 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келген. Оқыс оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды