Рейстердің кешігуі және азаматтардың шағымына байланысты тергеу жүргізілетін болды

Сурет: Zakon.kz
Рейстердің кешігуі және ел азаматтарының шағым арызына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тиісті тергеу амалдарын жүргізетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы - Мале, Нұр-Сұлтан-Ташкент және Алматы - Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады. Рейстерді кешіктіру немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, делінген хабарламада.

Комитеттегілер аталған рейстердің жолаушыларына cc@caakz.kz электрондық мекенжай бойынша жазбаша өтініштерді жолдауды сұрайды.

Сонымен қатар, тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру және тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беріледі, делінген комитет хабарламасында.

Алдында Air Astana әуе компаниясына тиесілі бірнеше рейс уақытынан кешігіп жатқаны туралы хабарланған. Ұшақтардың кешігу себебін ұшақты басқасына ауыстырумен түсіндірілген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі