Құзырлы ведомства атап өткендей, 2022 жылғы 17 шілдесінде сағат 19:02-де (жергілікті уақыт бойынша) Ақтөбе облысы Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 101 телефонына «Лимангаз» ЖШС автогаз құю станциясындағы өрт туралы дабыл түсті.
Өрт Ақтөбе облысы ТЖД Алға аудандық өрт сөндіру қызметінің күшімен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, АГҚС күндізгі сағат 12-ден бері жұмыс істемеген. Нысанның аумағында 2 қызметкер болған, куәгерлердің айтуынша, өртенген ыдыс бос болған.Алға ауданының ТЖБ өрт себебін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрады, оқиға орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік инспекторы жолданды.ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz
Құзырлы ведомства егжей-тегжейлі ақпарат тергеу жүргізіліп, өрттің барлық мән-жайлары анықталғаннан кейін ұсынылатынын ескертті.