«Алтын Орда» базарына иелік ететін компанияға 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
«Altyn Orda qaztrade LTD» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодкесінің 159 бабының 3 бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәлкілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды, – делінген агенттік хабарламасында.

Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген еді.

Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша Серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды