Түркістан облысында ағайынды екі жігіт суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Сурет: zakon.kz
Түркістан облысында ағайынды екі жігіт суға батып бара жатқан баланы аман алып қалды. Бірер күн бұрын ұлан Әділет Жақсылық ағасы Нұрғисамен бірге үйде жұмыс істеп жатқанда, жақын маңдағы өзеннен балалардың жылаған дауысын естіген, деп хабарлайды Zakon.kz..
Көмекке жеткен бұларға жағалауда тұрған бала суға батып кеткен досын көрсетеді. Ойланбастан ағайындылар өзенге сүңгіп, баланы іздей бастады. Бір кезде Әділет аяғының жұмсақ нәрсеге тигенін сезіп, ауа жұтып, қайта суға сүңгіп, ес-түссіз жатқан баланы алып шыққан. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әділет алғашқы көмек ретінде жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс берген. Ал, осы уақытта ағасы Нұрғиса жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер жеткенге дейін ағайындылар баланың жағдайын бақылап, өкпеге кезек-кезек жасанды дем беріп отырған.

Бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, сондай-ақ ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті