Полиция департаментіндегі мина туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті ғимараттарының бірі мина қойылғаны туралы белгісіз қоңырау келіп түсті. Ғимарат толық тексеріліп, ақпарат расталмады. Көп ұзамай қоңырау шалған адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасының жазуынша, жарлығыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылды.

Олар ғимаратты толық тексерді. Ақпарат расталмады.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ведомсвто өкілдеренің айтуынша, қоңырау шалған тұлға көп ұзамай анықталды.

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Тұрғын ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Факті бойынша тергеу басталды.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Аида Балаева: Еліміз әділ әрі прогрессивті Қазақстан құру жолында