ҰҚК трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қылмыскерлер үш жыл ішінде 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп, өткізіп келген. Шығын 1,2 млрд теңгеден астам, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілді.

Іс сотқа жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады