Көктөбедегі өрт толықтай сөндірілді

Сурет: Zakon.kz
Медеу ауданында Жәнібеков көшесінің бойында тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған аумақтың көлемі 3 гектарды құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өртті сөндіру жер бедерінің күрделі рельефіне, желдің күшеюіне және күннің қараңғы болуына байланысты қиындады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында сағат 20: 22-де өрт оқшауланып, сағат 20: 35-те толықтай сөндірілді. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында 17 өрт сөндіру техникасы мен су шашатын көліктер және жеке құрамнан 130 адам жұмыс істеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тауларынан көрінген түтіннің видеосы жарияланған болатын. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі 1,5 гектар болатынын жеткізді.

Кейін өрт жекеменшік үйлерге қарай жылжығаны белгілі болды, бірақ құтқарушылар қауіпті оқшаулай алды.

Алдында Кеңсай тауының баурайындағы өртті сағат 18:56-да әрең дегенде ауыздықтаған өрт сөндірушілер бірден тағы осыған ұқсас шақырту бойынша Көктөбеге ары қарай аттанған болатын .

Одан кейін өрт қаупінің дәрежесі жоғарлап, қаладан тартылатын қызметтердің күштері және құралдарымен өзара іс-қимыл өрістетілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды