Атырауда әйел 5-қабаттан секірмек болды

Сурет: polisia.kz
32 жастағы келіншек анасының пәтеріне кіріп, есігін жауып алған. Содан кейін ол терезені ашып, үй сыртындағы кондиционерге тұрып, төмен секіргісі келген. Оқиға туралы полицияға 7 қыркүйек күні сағат 16:16 шамасында хабарланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жеткен. Олар пәтер есігін ашып, әйелді өлімнен құтқарып қалды.

Полиция капитаны Қобылан Мәмитан мен Нұрсұлтан Әбітовтің айтуынша, сол сәтте әр секунд маңызды болды. Олар тез әрекет етті, дер кезінде шешім қабылдады.

2 қыркүйекте елордада бойжеткен көпқабатты үйден секірмек болған. Оны учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев аман алып қалды.

21 тамызда Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды. Төрт минуттың ішінде полицейлер ер адамды бұлай етпеуге көндірді.

13 тамызда қарағандылық тұрғын үйдің алтыншы қабатынан секірмек болған. 37 жастағы ер адам алдымен отбасында жанжал шығарып, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео