Павлодарда достарынан көз алдына суға кеткен спортшы жігіттің денесі табылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда алты күн бұрын Ертіске батып кеткен футбол жаттықтырушысының денесі табылды. Жігіттің денесін Ақсуға шығатын көпірдің астынан балықшы кездейсоқ байқап қалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Богдановтың денесін балық аулап жүрген адам кездейсоқ байқап қалған. Қаза болған адамның денесі 10 қыркүйекте сағат 16:53-те судан шығарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 5 қыркүйекте «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы 1995 жылы туған Роман Богданов достарының көз алдында жағадан құлап кеткен Жас жігіт балық аулау кезінде жағадан аяғы тайып, өзенге құлаған. Қасында достары болған. Жас жігіттің денесін полицейлер, еріктілер, ТЖМ құтқарушылары, және оның достары мен туысқандары іздестірді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған