Бес зардап шеккен адам амбулаториялық емделуге жіберілді, қалғандары медициналық ұйымдарға орналастырылған.
Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, дененің әр жеріне тиген оқ жарықшақтары, бір рет оқ тию түріндегі жарақаттар басым.
Зардап шеккендердің көпшілігі Баткен облыстық біріктірілген ауруханасына келіп түсті. Барлығы – 41 адам.
Өткен түнде қақтығыс кезінде Қырғызстанның 24 тұрғыны қаза тапты, 87-сі зардап шекті.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бішкекте зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыруға ниет білдірушілер кезекке тұрып жатыр.
17 қыркүйекте таңертең тәжік тарапы Баткен ауданындағы Паскы-Арық ауылына минометтен оқ жаудырды.
Қарулы қақтығыс 14 қыркүйекте Баткен ауданының Бұлақ-Баши маңынан басталды. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Тәжікстанның әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды бұза отырып, мемлекеттік шекараның даулы учаскесінде қарулы бекініс орнатқан.