Түркияда теракт болды - қаза тапқандар бар

Сурет: видеодан скриншот
Түркияның Мерсин қаласында жергілікті полиция ғимаратының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

MASH telegram арнасының хабарлауынша, белгісіз үш адам полиция ғимаратына қызметкерлердің атын жамылып кірмек болған. Тәртіп сақшылары оларды ұстауға әрекеттенгенде атыс басталған.

Шабуыл жасаушылардың бірі – жанкешті әйел ішінде қолдан жасалған жарылғыш заты бар көлікпен оқиға орнына кірмек болған.

Полиция оны ұстап алмақ болып, оқ жаудырғанда, снаряд жарылған. Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, оның екі сыбайласы ер адам мен әйел болған.

Біріншісі бірден қамауға алынды, екіншісі іздестіріліп жатыр.

Айтуларынша, көлікте болған жарылғыш зат қашықтан жарылған.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды