Жамбыл облысында "Қазфосфаттың" қызметкері қаза тапты

Сурет: pixabay
Қыркүйектің 13-і күні "Қазфосфат" кәсіпорнының ғимаратында шатыр опырылып, 58 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрлі жарақат алған тағы үш қызметкер ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға кезінде олар ғимарат ішінде жұмыс істеп жатқан.

Оқыс жайт туралы хабар Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне түскен.

Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі – «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Инспекция мән-жайды тексеріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді