Атырауда КамАЗ бағанаға, сонан соң үйдің қоршауына соғылды

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
1 қарашада Атырауда мас жүргізуші жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзып кетті. Полицейлердің Zakon.kz-ке хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген.

Атырау облысы полицейлерінің мәлімдеуінше, сағат 16.00 шамасында қала тазалығына жауапты мекеменің КамАЗ автокөлігі Атырау мөлтек ауданындағы электр бағанасына, кейін тұрғын үйлердің бірінің қоршауына және аула ішіндегі автокөлікке соғылған.

Тәртіп сақшылары автокөліктің 1990 жылы туған жүргізушісі мас күйде болғанын анықтады.

Бұл жайт бойынша іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады