21 қазанда алаяқтар әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған. Бірі өзін банк қызметкері, екіншісі полицей ретінде таныстырыпты. Олар әйелдің шотына белгісіз біреулер шабуыл жасағанын хабарлаған.
Олар ақшаны сақтап, "банк маманына" аударуды ұсынған. Олар қызды ақшасы "қауіпсіз шотқа" салынатынына сендірген. Осыдан кейін әйел бейтаныс адамға 74 мың 707 доллар мен 1 миллион 337 мың теңгесін берген.
Келесі күні "банкирлер" қызға қайта телефон соғып, 2 миллион теңге көлемінде несие алуға көндірді. Ол алаяқтардың талабын орындайды.
Тек 1 қарашада ғана әйел алаяқтық құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді, - дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы құрылды.
Полицейлер1998 жылы туған С. есімді жігітті, 1996 жылы туған А. есімді жігітті және 1995 жылы туған С. есімді Ресей азаматын ұстады. Күдіктілердің жалға алған кеңсесінде әртүрлі банктерде ашылған 52 банк картасы мен 20 ұялы телефон нөмірі табылды.