Астанада жасөспірімдердің көлік салонынан ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: polisia.kz
Автокөліктің салонынан ұрлық жасалынғаны туралы полицияға автоорталықтың заңгері арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, кешкі уақытта жасөспірімдер Қабанбай батыр даңғылындағы Бавария Астана автоорталығының жанынан өтіп бара жатып, бұзақылық ниетпен шлагбаумның астынан өтіп, мекеме ауданына кіргені анықталды.

Автотұрақта клиенттердің есіктері кұлыпталмаған көліктері тұрған. Солардың біріне жақындап, еркін қол жеткізу арқылы BMW X6 автокөлігінің салонынан күннен қорғайтын көзілдірікті, қуаттағышты және көліктің қосалқы кілтін ұрлап кеткен.

Жалпы шығын 800 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының ПБ полицейлері ұрлық жасады деген күдікпен 17 жастағы кәмелетке толмағандарды ұстады. Содан кейін олар заңды өкілдеріне тапсырылды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Кәмелетке толмағандарды ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды