Атырау облысында 24 жастағы жігітті бірнеше күн іздеп жатыр

Сурет: primeminister.kz
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылында тұрғындар төртінші күн бойы 24 жастағы жігітті іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қараша күні таңғы сағат 05.00-де азамат Т үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы жігіттің жақындары облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат берді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары іздестіру жүргізіп жатыр. Оған жергілікті тұрғындар да қатысады.

Қаракөл ауылы Жамбыл ауылдық округіне қарасты №10 өрт сөндіру бекетінен 90 шақырым жерде орналасқаны көрсетілген.

18 қазанда Астанада жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды.

22 қарашада Қостанай облысында Рудный қаласының тұрғыны Владимир Борисовтың бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен мәйіті табылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады