"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты барлық республикалық маңыздағы тас жолдарда жүк және қоғамдық автокөліктерге, сондай-ақ дизельді отынмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелді.
Одан бөлек тағы мына тас жолдар жабылды:
Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" тас жолында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін жол учаскесі;
Қарағанды облысында:
1. "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі;
2. "Қалқаман-Баянауыл-Үмткер-Керней-Ботақара" тас жолының Ботақара ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
3. "Қарағанды-Аягөз–Бұғаз" тас жолының Бүркітті ауылынан Абай облысына дейін.
Ақмола облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолында Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін жол учаскесі жабық.
Сондай-ақ, Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, температураның күрт төмендеуі, көктайғақ) "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының Жамбыл облысының шекарасынан Жанкеш ауылына дейінгі аралығы жабық.