Жылусыз қалған Екібастұз тұрғындары екі айға ақы төлемейді

Сурет: үкіметтің баспасөз қызметі
"Орталық Азия электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал Екібастұздағы жылусыз қалған үйлердің тұрғындары қараша мен желтоқсан айы үшін жылуға ақы төлемейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бағдат Оралдың сөзінше, подъездерде, пәтерлерде жылумен жабдықтаудың барлық ішкі жүйесі ауыстырылып жатыр.

"Бұл жұмыстың бәрі "Экибастузтеплоэнерго"-ның өзіне қаржылық көмек көрсететін холдинг тобының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Біз есептеп шықтық - бүгінгі таңда қаржылық көмек шамамен 891 млн теңге болды. Әрине, бұл жұмысты жалғастырамыз, оның ішінде кәріз жүйесін қалпына келтіреміз"Бағдат Орал

Ол сонымен бірге тұрғындарды алаңдатып отырған "жылу үшін ақы төлеу" туралы сұраққа да жауап берді.

"Жылусыз қалған үйлерге жылу энергиясы үшін ақы қараша мен желтоқсан айларына есептелмейді", - деді Бағдат Орал.

27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы