Көлікте барлығы 11 адам болған. Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаевтың Zakon.kz-ке хабарлауынша, жаттықтырушы да ес-түссіз жатыр. Ал көлікті жүргізген мектеп директорының орынбасары аман-есен, ол қазір тергеуде.
Әкімдік өкілінің Facebook-тегі хабарына қарағанда, медициналық көмек тәулік бойы беріліп жатыр, бақылауға алынған. Ауруханада қажетті дәрі-дәрмектің бәрі бар.
"Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді. Іс облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында екенін еске саламын", - делінген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылғанын хабарлаған едік.
Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болған. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге волейболдан жарысқа қатысуға шыққан. Салдарынан 1 бала апат болған жерде көз жұмды, қалған 8-і Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.