Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға Мұғалжар ауданы аумағындағы алтын өндіретін «Юбилейное» кен орнында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Еңбек инспекциясы өкілдерінің мәліметінше, жер астында 4 жұмысшы болған. 48 жастағы электрик тоқ сымдарын жалғап жатқан кезде оны ауыр экскаватор жаншып кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Әріптестері дереу жоғарыға шығарғанмен, алған жарақаты өте ауыр болып, жұмысшы қайтыс болды. Машинист оны қараңғыда көрмей қалғанын айтқан.

Оқиғаның себеп-салдарын арнайы комиссия тексеріп жатыр. Экскаватор жүргізушісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды