Шумковқа оқ атқан айыпталушы оқиға кезінде аффект жағдайында болмаған - психолог

Сурет: pexels
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында дәрігер Шумков ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Cарапшы айыпталушының оқиға кезінде психологиялық аффект жағдайында болмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысына қатысқан Сот сараптамалар институтының өкілі, сарапшы Гүлмира Тұрлыбаева айыпталушымен 19 мамырда әңгімелесу жүргізілгенін айтты. Сарапшының айтуынша, онда айыпталушы барлық сұраққа жауап берген.

Психиатр судьяға айыпталушымен болған әңгіменің түйінін жеткізді. Сарапшы айыпталушыны қылмысқа “психикалық денсаулығы емес, дұрыс емделмегендігі” итермеледі деп отыр.

Ал психолог сот отырысына қатыспады. Оның қорытындысы дауыстап оқылды.

“Айыпталушы "өзінің ерекше екенін мойындап, басындағы қиыншылықтарға басқа адамды кінәлайды, бұйрыққа бағынбайды. Ол кісі өлтіру кезінде аффект күйінде болмаған". Психиатр қорытындысы

Сарапшылардың барлығы келмеуіне байланысты сот процесі кейінге қалдырылды.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков кісі қолынан қаза тапты. Кейіннен полиция қылмыскер дәрігердің пациенті екенін, оның қабылдауында бірнеше рет болғанын анықтады.

Ал 22 қарашадағы сот отырысында дәрігердің әйелі 105 миллион компенсация талап етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі