Павлодарда ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды

Сурет: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Павлодарда 2022 жылғы 28 желтоқсанда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ломов көшесі 152/2-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама "101" пультіне сағат 10:20-да түскен – бірінші қабаттағы қоқыс жинағыштан (қойма бөлмесіне айналдырылған) өрт шыққан.

Салдарынан 9-қабаттағы №54 пәтердің тұрғындары, яғни  2000 жылғы азамат пен 2022, 2019 жылы туған балалар иіс газына уланып, ауруханаға жеткізілді.Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі


Сурет: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

"Өрт 11:13-те сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыды". Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 21 өрт сөндірушісі мен алты техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының және 103 қызметінің медицина қызметкерлері жұмылдырылды.



Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты