Дәрігерлердің жаңа туған нәрестені сатуы туралы толығырақ айтылды

Сурет: pixabay
Таразда әйел жаңа туған қызды акушерлерден 1,5 миллион теңгеге сатып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру  барысында қалалық көпсалалы аурухананың екі акушеркасын ұстады.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 39 жастағы Тараз қаласының тұрғыны жаңа туған қызды акушерлерден 1 500 000 теңгеге сатып алғаны анықталды".Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әйелдер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалып, тапсырыс берушіге қатысты "кетпеу туралы жазбаша міндеттеме және тиісті түрде мінез-құлық ұстану" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жаңа туған нәресте сәбилер үйіне орналастырылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі ("Кәмелетке толмағандарды саудалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтаған еді.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды