Түркияда жер сілкінісі кезінде Қазақстан азаматы жоғалып кеткен

Сурет: Instagram/madiyev
Түркияда жер сілкінісі кезінде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ағасы Алмас Құрмашевтың айтуынша, Мирус Түркияның Хатай қаласында болған. Жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілген. Содан бері туыстары оның қайда екенін, жағдайы қалай екенін білмей, алаңдаулы күйде отыр.

Сондай-ақ жоғалған азаматтың ағасы қазақстандық волонтерлар оны іздеу үшін 8 ақпанда Түркияға аттанатынын да жеткізді.

Осы жайтқа байланысты Zakon.kz редациясы ҚР СІМ-ге хабарласып, сұрау салды.  Министрліктің ресми өкілі бұл жағдайдан хабардар екендерін, оны іздестіріп жатқанын жеткізді. 

Түркия мен Сирияда 6 ақпанда таңертең жойқын жер сілкіністері орын алды. Жер сілкісінің магнитудасы 7,8 балды құрады. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкіністеріне байланысты жеті күн бойы ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады