Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан “қылмыстық үштік” қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Ұрланған телефонды сатпақ болған үш қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұтқындауды Медеу аудандық полиция ,асқармасындағы әріптестерінің көмегімен КПБ арнайы тобының қызметкерлері жүргізді.

Үш ер адам ойын-сауық мекемелерінде қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Мәселен, өткен күні дәмханалардың бірінде келушінің IPhone телефоны ұрланған.

Айыпталушылар мобильді құрылғыны сату кезінде ұсталды. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас екі эпизод анықталды. Күдіктілерге келсек, олар – Алматы облысының 35, 31 және 29 жастағы тұрғындары. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыс, соның ішінде тонау жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, – дейді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі