Батыс Қазақстан облысында мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 10:03 Фото: pexels
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен жүзеге асып жатқан "Қауіпсіз өңір" жобасы аясында мал ұрлығының алдын алу мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтарын қорғауда жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Прокуратураның нұсқаулар беруі және жасырын тергеу әрекеттеріне бастамашылық етуі арқылы облыс аумағында ұзақ уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болғаны және олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді түрде жәрдемдесуде.

Облыс прокуратурасы бұл жағдайдың осындай қылмыстарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын айғақтайтынын атап өтеді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: