ІІМ мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 15:10 Фото: Zakon.kz
"Заң және тәртіп" қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Анықталғандай, қаскөйлер әдейі дала аймақтарына шығып, еркін жайылып жүрген малды бақылауға алған. Түнгі уақытта жануарларды айдап әкетіп, жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіп, кейін сатуды көздеген.

Қазіргі уақытта топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы дәлелденді. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылуына жол берілмеді. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Мал ұрлығы — ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тікелей соққы. Осы бағытта ІІМ жұмысты кезең-кезеңімен күшейтіп келеді. Министрдің тапсырмасына сәйкес, мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Еске саламыз: мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заң бәріне ортақ. Алдын алу мақсатында ІІМ мал иелеріне үй жануарларын есепке алуды, оның ішінде чиптеуді қамтамасыз етуді және қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: