Павлодардағы әскери бөлімде атыс болды: бір әскери қызметші қаза тауып, тағы бірі жараланды

Военная служба, военнослужащие, военнослужащий, военные, военный, армия, солдаты, солдат, вооруженные силы, военные учения, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 10:24 Фото: Министерство обороны РК
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші қарудан оқ атып, оқиға салдарынан өзі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметші бекітілген қарудан оқ атқан. Нәтижесінде ол оқиға орнында көз жұмды, ал тағы бір келісімшарт әскери қызметшісі жарақат алған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жарақат алған әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетілуде.

Тергеу барысы ІІМ-нің Әскери-тергеу департаментінің бақылауында.

Еске салайық, биыл наурыз айында Атырау гарнизонының бір әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші де оқ жарақатынан қаза тапқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: