Шымкентте автобус қызды қағып кетті: жағдайы ауыр

Шымкентте қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 22 ақпанда сағат 10:00 шамасында Ахмет Байтұрсынов көшесінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің сөзінше, зардап шеккен қыз жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде қалалық №27 бағыттағы автобус оны қағып кеткен. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Жүргізуші қызды көрген бойда тежегішті басып, рөлді өзге бағытқа бұрған. Алайда кенеттен шығып қалғандықтан, алын алу мүмкін болмаған. Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге қоңырау сағат 10:17-де түскен.

Мамандар сол жерде кәмелетке толмаған тұрғынға медициналық көмек беріп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Онда алғашқы көмек берілген соң жасөспірім балалар ауруханасына ауыстырылған. Қазіргі жағдайы орташа ауыр.

"Баланың жағдайына байланысты нейротравматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі баланың жағдайы орташа ауыр, есін біледі, жабық бас ми жарақатын аллған, бас миы соғылған". Шымкент клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі жөнінде орынбасары Ержан Байдуллаев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: