Қырғызстанда бұрынғы әйелін өлтірген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Сот жергілікті тұрғынды 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол сауда орталығында бұрынғы әйелін балаларының алдында пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкім Қаракөл қалалық сотында оқылды. Сотталушы кінәлі деп танылды, судья оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғаушысы мәлімдеді. Ол өзінің постында атап өткендей, тыңдау кезінде мемлекеттік прокурор сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен.

Қайтыс болған әйелдің туыстары үкіммен келіспей отыр, олар шағым түсіруге ниетті.

Кісі өлтіру 2022 жылы қарашада сауда орталықтарының бірінде, ойын алаңында болғандығы белгілі. Ер адам өзінің бұрынғы әйелін өлтіріп, балалардың алдында пышақтап тастады. Содан кейін өзіне пышақ сұққан. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қалды. 

12 ақпанда Ыстықкөл ауданының 64 жастағы тұрғыны 11 жылға сотталды. Ол мүгедек қызды зорлап, азғындық жасаған. 

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі