Түркияда автобусты топырақ көшкіні басып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Түркияда Артвин – Эрзурум тас жолында жолаушылар мінген автобусты көшкін басып қалды. Төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

TRT Haber арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, көшкін Деринер-3 тоннелін басып қалған. Тоннелдің кіреберісін тас аралас топырақ жауып тастады. Көшкін видеоға түсіп қалған.

Оқиға орнында техник мамандар аттанды. Олар тағы көшкін жүруі мүмкін бе, соны анықтайды.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жетіден асатын екі жойқын жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7  және 13,24-те – 7,6).


Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді