Елордадағы түзеу мекемелерінің бірінде "Ашық есік" күні өтті

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
"Алғыс айту күніне" орай Елорданың №64 мекемесінде "Ашық есік" күні өтті. Шағын концерт ұйымдастырылып, сотталғандар өз жақындарының алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталғандар ата-аналарына, әйелдеріне және ағаларына арналған композицияларды орындады, олардың шыдамдылығы, сүйіспеншілігі мен үміті үшін алғыс білдірді. Іс-шараға мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 47 туысы қатысты. 


Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

"Жасақ бастығы ретінде біздің мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың психологиялық көңіл-күйінің қаншалықты өзгергенін көрдім. "Ашық есік" күнін өткізу туралы хабарлағанымда, олар қатты қуанды. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – жаза басқандарды түзетуге, тез босатуға және туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі". Арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Әсет Молдахметов

Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін туыстарын көру, олармен араласу, осы екі сағат ішінде күнделікті алаңдаушылықтан арылу мүмкіндігі ең жақсы сыйлық болуы мүмкін.

Сондай-ақ сотталғандардың туыстарымен мекемеге экскурсия ұйымдастырылды. Олар жазасын өтеп жатқандардың жатар орны, тамақ ішетін жері және тәрбие жұмысы жүргізілетін үй-жайын өз көзімен көріп, жан-жақты танысты. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі