Астанада заңсыз салынған 76 құрылыстың жұмысы тоқтады

Сурет: Zakon.kz
Қала аумағында рұқсаты жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген. Көппәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілін анықтап қоймай, рұқсаты жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуіне қажет рұқсат құжатын толық алды. Ал рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталды. Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line» ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium» ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және тағы басқалары бар.

Рұқсатсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 объект (76 объектінің ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының жаңа нысандары рұқсат құжатсыз жүріп жатқаны анықталса, бұл объектілер өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, бұзылады.


"Егер қолданыстағы заңды бұза отырып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан "Астана қаласы қалалық ортаның бақылау және сапа басқармасы" ММ уәкілетті органына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды