Қазақстандықтардың 85 млн теңгесін алдап алған әйел Украинадан елге экстрадицияланды

Сурет: видео скрині
Қаржы пирамидасының кезекті жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматшасы К.-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін әйел К. қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

2023 жылғы қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады.

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен К.-ны біздің елімізге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астананың тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмыс жасағандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігін ескертеміз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды