Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала аумағындағы көпқабатты үй аулаларының бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өзімен бірге сақтап, тасымалдап алып жүрген 27 жастағы жігітті құрықтады.

Жеке тінту барысында ер азаматтың қалтасынан 25 дана полиэтиленді пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сонымен қатар аталған азамат жалдамалы пәтерде тұратыны анықталып, ол жерді тексеру барысында, полиэтиленді пакеттерге оралған есірткі заттары анықталған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 368 грамды құрайтын гашиш екендігі расталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді