Павлодар қаласы әкімінің орынбасары 4 млн теңге айыппұл төлейді

Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары мемлекетке 4 млн. теңге айыппұл төлейді. Себебі ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарған кезде мемлекеттік сатып алу заңын өрескел бұзған.

Лауазымды тұлғаның бұрынғы қызметіндегі заңсыз әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері әшкерелеген, деп жазады qazaqstan.tv.

"Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасаған кезде қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі 1 млрд 900 млн теңгеге бір ғана кәсіпорынмен 17 келісімшарт жасалғаны анықталды. Бәсекелестік ортаға шығармай тендерді тікелей бере салған. Шара қолдану үшін біз материалды бірден Қаржы министрлігінің ішкі аудит комитетіне жолдадық." Назымбек Бекжанов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы

Лауазымды қызметкердің айыппұл арқалауы бірінші рет емес. Ол былтыр да мемлекеттік конкурстағы лоттардың санын қысқартып, тендер талаптарын белгілі бір компаниялар ғана қатыса алатындай қылып өзгерткен. Сол әрекеті үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті сотқа беріп 1 млн. теңгеге жуық айыппұл төлеттірді. Дегенмен, заңды бірнеше рет бұзған мемлекеттік қызметкердің ісі тәртіптік кеңесте қаралмайды екен. Яғни, ол бұл жолыда әкімшілік жазамен құтылады.

"Егер мемлекеттік қызметтегі басшы басқа лауазымға ауысса оның бұрынғы жұмыс орнындағы жауапкершілігі қаралмайды. Жаңа қызметке келгенге дейінгі жұмыс істеген мемлекеттік органдағы құқықтық қатынастардың барлығы тоқтатылады. Әркімшілік іс қозғалған жағдайда тәртіп осы." Ерлан Салықбаев, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты