Экология министрлігі ауаны ластаған Екібастұз жылу орталығын тексеретін болды

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
29 наурызда әлеуметтік желіде Екібастұз қаласының бір бөлігін қара түтін басқаны жайлы видео мен суреттер тарады. Осыған байланысты экологтар атмосфераға шаң шығару фактісі бойынша өлшеулер жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласында "Қазгидромет" РМК 2 стационарлық бақылау бекеті орналасқан. 29 наурыздағы жағдай бойынша Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 118/1 мекенжайындағы №1 атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау бекеті шекті рұқсат етілген концентрациялар асып кеткенін тіркеген жоқ.

Жарияланым дәлелдерін егжей-тегжейлі тексеру үшін департамент қызметкерлері "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС санитарлық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына өлшеулер жүргізді.

Өлшеу нәтижелері көміртегі оксиді бойынша 6,3 мг/м3 (ШРК 5,0), азот оксиді бойынша 0,527 мг/м3 (ШРК 0,5), шаң бойынша 0,638 мг/м3 (ШРК 0,5) асып кеткенін анықтады.



"Қазіргі уақытта "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады". Экология министрлігінің баспасөз қызметі



Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады