Түркістан облысында қаскөйлер брокерді соққыға жығып, 2,7 млн теңгесін тонап кеткен

Сурет: видеодан алынды
Келес аудандық ПБ-ға брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын алып кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факт ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі - "Тонау" бойынша тіркелді.

Шығын - 2,7 млн теңге.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 6 күдікті ұсталды. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПБ-ға жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда