Семейде мектеп-интернатта кәмелетке толмаған бала көз жұмды

Сурет: pixabay
Семейде интернетта кәмелетке толмаған баланың көз жұму фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 7 сәуірде орын алған.

Абай облысы ПД мәліметінше, мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамаққа қақалып, жазатайым оқиға орын алды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала жан тапсырған.

"Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етуге жатпайды.

Абай облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм бала интернатқа Семей қалалық психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңестің 2016 жылғы 13 қаңтардағы "жеңіл сипаттағы ақыл-ес кемістігі" диагнозы бойынша қабылданған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады