Қызылорда облысының оқушыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында мектептің бес оқушысы тоғызыншы сынып оқушысын ұрып-соққаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Мектеп директоры мен меңгерушісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысында жаппай төбелестен кейін тоғызыншы сынып оқушысы реанимацияға түсті. Оқиға үш күн бұрын болған. Оқушы ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілген. 

Полиция оған сол мектептің оқушылары шабуыл жасағанын анықтады. Олардың бесеуі іс бойынша күдікті деп танылды, деп мәлімдеді 24kz.

Мектеп директоры мен оның орынбасары қызметтен босатылды. Сондай-ақ 10 полиция қызметкері жазаланды. Бірақ мұндай шешімге бәрі бірдей келіскен жоқ.

"Білім басқармасы немес құқық қорғау органдары ғана толығымен жояды немесе күрделі тамырына балта шабады деген ойдан аулақ болғанымыз дұрыс. Біз қоғаммен, ата-ана рөлін айтып отырмыз. Ол жерде ИДН инспектор төртеу-ақ, бүкіл аумақты қамтып жабу мүмкіндігі шектеулі. Дегенмен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мойындаймыз, кемшілік бар, сол кемшіліктермен жұмыс жасайтын боламыз". Қызылорда облсы ПД бастығының орынбасары Шамшидин Амитов

Облыстық білім басқармасының бастығы Қазалы ауданында емес, облыстағы барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын күшейту, тәртіп мәселесіне көңіл бөлу, ата-аналар комитетінің, аналар мектебі, әкелер мектебі секілді балалармен тығыз жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың жұмысын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілгенін айтты.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек