Ресейде әскерден жалтарғандар шетелге шыға алмайды

Сурет: Zakon.kz
Ресей үкіметі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізді. Енді әскерге шақырылған азамат комисариатқа өз бетінше бармаса, шетелге шығуға тыйым салынады.

Қабылданған түзетулер бойынша шақыру қағаздарын жіберудің жаңа әдісі енгізілді. Шақырту арнайы хатпен және электронды форматта жеке кабинет арқылы немесе Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы келеді.

Шақыру қағазын алып, оқымаған, байланысқа шықпаған азамат әскерге қызмет етуден жалтарған деп танылады. Келесі шақыру кезінде ол екі апта ішінде әскери комиссариатқа өз бетінше келуге міндетті.

Егер хат келіп тұрып, 20 күн бойы әскери комиссариатқа бармаса, көлік жүргізу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік ала алмайды, несие рәсімдеуге де шектеу қойылады.

Екі күн ішінде жедел қаралған құжатты кеше Парламенттің жоғары палатасы мақұлдады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды