Астанада республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазір ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды. Олар:

ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, қырағы болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады.

"Құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа-райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын", - деп қосты департамент.

Бұған дейін Астананың Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және қазіргі тәулікте 112 желісіне түрлі сипатта 3500-ден астам қоңырау түскенін хабарлаған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады